Меню KDT

Все новости

Альмира Сағат АӨК-ті қаржыландыруды дамыту бойынша дөңгелек үстеліне қатысты

18.03
0
Альмира Сағат агроөнеркәсіп секторын қаржыландыруды дамыту бойынша ФАО-ның дөңгелек үстеліне қатысты.

6 наурыз күні Астанада ФАО-Қазақстан Серіктестік бағдарламасы аясында дөңгелек үстел өтті. Жиында ФАО, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі және сала сарапшылары агроөнеркәсіп секторындағы ынтымақтастықтың басым бағыттарын талқылады. Күн тәртібінде — агробизнесті қаржыландыру тетіктері, саланы цифрландыру және жаңа технологияларды енгізу мәселелері қарастырылды.

Аталған іс-шараға АӨК Несиелік серіктестіктері қауымдастығының атынан Альмира Сағат қатысты. Несиелік серіктестіктер ауыл шаруашылығын қаржыландыруда маңызды рөл атқарады, сондықтан фермерлер үшін жаңа мүмкіндіктерді кеңейту және агросектордың тұрақты дамуы қауымдастық мүшелері үшін басым бағыттардың бірі болып табылады.

Дөңгелек үстел барысында екі ірі жобаның бекітілуі негізгі мәселелердің бірі болды:
- «Қазақстандық сорттар мен тұқымдар» — қаржыландыру көлемі 2,6 млн АҚШ доллары;
- «Тозған жерлерді сақтау және тиімді пайдалану технологиялары» — қаржыландыру көлемі 2,5 млн АҚШ доллары.

Сонымен қатар, Қазақстанның ФАО серіктестік бағдарламасына жыл сайынғы жарналары қарастырылды, олар 2025–2027 жылдарға арналған республикалық бюджетте бекітілген. 2024 жылдың қазан айында Қазақстан ФАО-ның трасттық қорына 1,93 млн АҚШ долларын аударып, бағдарламаны ресми түрде іске қосты.

Ғаламдық азық-түлік қауіпсіздігі индексінің деректері бойынша Қазақстан 113 елдің ішінде 32-орында. Елдің ауыл шаруашылығы өнімдері 80 елге экспортталады, ал 2024 жылы АӨК жалпы өнімі 13,7%-ға өсті.

Қазіргі уақытта ФАО Қазақстанда 55 техникалық көмек жобасын іске асырып отыр. Олардың қатарына 2030 жылға дейінгі АӨК дамыту тұжырымдамасы және 2021–2025 жылдарға арналған АӨК дамыту ұлттық жобасын әзірлеу кіреді. Басты басымдықтардың ішінде — агросекторды цифрландыру, топырақ құнарлылығын арттыру және су ресурстарын тиімді пайдалану.

АӨК Несиелік серіктестіктері қауымдастығы агроөнеркәсіп секторын дамытуға бағытталған бағдарламалар мен ауыл шаруашылығы өндірушілеріне қаржыландырудың қолжетімділігін кеңейту шараларын талқылауға белсенді қатысуды жалғастырады.

Перейти на сайт с новостью

Назад к списку новостей


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь