Все новости

Жылдық жиналыс: қорытындылар мен шешімдер!
14.02
0
0
Жылдық жиналыс: қорытындылар мен шешімдер!
12 ақпан күні Астана қаласындағы «Alanda» қонақүйінде Несиелік серіктестіктер қауымдастығының жыл сайынғы жиналысы өтті. Кәсіби ортада қайта кездесіп, өткен жылдың қорытындыларын жасап, даму бағыттарын талқылап, 2025 жылға арналған негізгі жоспарларды белгіледік.
Жиналыс барысында:
- Ревизиялық комиссияның есебі бекітілді;
- Қауымдастықтың Басқарма Төрайымы мен Несиелік серіктестіктер оқу орталығының Директорының есептері тыңдалды;
- Басқарманың жаңа құрамы сайланды;
- 2025 жылға арналған Қауымдастықтың бюджеті мен жоспарлары бекітілді;
- «Целиноградское» НС оқыту бағдарламаларына белсенді қатысқаны үшін Білім кубогымен марапатталды;
- Реттеуші орган өкілі микроқаржылық қызмет саласындағы заңнамалық бастамалар туралы баяндама жасады;
- Апекс қоры арқылы НС-ті несиелеу механизмдері талқыланды.
Жыл сайынғы жиналыс дәстүрлі түрде пікір алмасу мен стратегиялық жоспарлауға арналған маңызды алаңға айналды. Белсенді қатысқандарыңыз бен несиелік кооперацияны дамытуға қосқан үлестеріңіз үшін баршаңызға алғысымызды білдіреміз!
Алда жаңа міндеттер күтіп тұр, біз бірлескен күш-жігерімізбен үлкен нәтижелерге жететінімізге сенімдіміз!