Меню KDT

Все новости

Алғыс айту шеңберін бастаймыз!

03.02
0
Алғыс — ізгілік бастауы! 

Жыл бойы біз бір-бірімізге демеу болып, қолдау көрсеттік. Кейде бұл қиын сәтте айтылған бір ауыз жылы сөз, дер кезінде берілген құнды кеңес немесе шынайы жанашырлық еді.

1 наурыз — Алғыс айту күні қарсаңында біз сіздерді ризашылықтың күшімен бөлісуге шақырамыз. «Алғыс айту шеңберін» іске қосып, жақсылықты сөзбен жеткізуге мүмкіндік береміз. Бұл — өзіңізге көмек қолын созған жандарға жүректен шыққан алғысыңызды білдірудің тамаша мүмкіндігі.

Сізге Google-формаға сілтеме жіберілді. Ашып, жүрекжарды тілектеріңізді қалдырып, алғыс жолдау эстафетасын ары қарай жалғастырыңыз! 

Перейти на сайт с новостью

Назад к списку новостей


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь