Меню KDT

Все новости

Жиі қойылатын сұрақтарға жауаптар

03.11
0

1. КТ дегеніміз не?

Несиелік серіктестік – қаржылық кооператив. НС адамдарды біріктіреді. Несиелік серіктестіктің банктерден айырмашылығы, НС өз қызметін тұлғалардың белгілі бір шеңберімен шектейді, яғни, несиелік серіктестіктің қызметтерін оның мүшелері ғана пайдалана алады. Және олар тек капитал салымдарын салуға ғана емес, сонымен қатар несие алуға да құқылы.

 

  1. КТ-ға қалай қосылуға болады?

Егер сіз бұрыннан бар несие серіктестігінің мүшесі болғыңыз келсе, НС-ке өтініш беруіңіз керек. Қатысушылардың жалпы жиналысы немесе Кеңес қабылдау туралы шешім қабылдайды. Егер сіздің кандидатураңыз келісілген болса, сіз НС жарғылық капиталына үлес қосасыз. Бұл сіздің қатысушы ретіндегі үлесіңіз. Ал сіз осы несие серіктестігінің иесі, яғни НС деген кәсіп иесі боласыз. Әрі қарай тіркеу заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады. Содан кейін сіз қаржыландыруға өтініш бере аласыз.

 

  1. НС-ке түскенде неге назар аудару керек?

Бизнеске салынған кез келген инвестиция сияқты, НС-ке салынған инвестиция да кәсіпкерлік тәуекел болып табылады. Сондықтан алдымен НС туралы, оның қаржылық жағдайы, шығындар, мерзімі өткен несиелер мен қарыздар бар-жоғын, берілген несиелердің өтелу қарқыны қандай, НС рейтингі қандай біліп алған дұрыс. Несиелік серіктестік қызметінің көптеген негізгі мәселелерін қатысушылардың жалпы жиналысы шешетіндіктен, осы жиналыстарға, НС сайланбалы органдарында белсенді қатысу дұрыс болады.

 

  1. НС қатысушысының құқықтары мен міндеттері қандай?

Сіз – НС мүшесі ретінде несие серіктестігінің істерін басқаруға қатысуға, НС органдарына сайлауға және сайлануға, қызметінен кіріс алуға, оның қызметі туралы хабардар болуға және бухгалтерлік есеппен танысуға құқылысыз. Сондай-ақ Заңмен және кредиттік серіктестік жарғысында белгіленген тәртіппен НС-ке қатысуыңызды тоқтатуға құқығыңыз бар.


Перейти на сайт с новостью

Назад к списку новостей


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь